$ 448.89  477.93  4.76

Жоғарыдан құлаған: Петропавлда тұрғын үй жанынан ер адамның денесі табылды

Петропавлда 15 наурыз күні таңертең ер адамның денесі табылды. Қазір арнайы құрылған топ тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр деп жазады pkzsk.info.

Алдын ала болжам бойынша, ер адам тұрғын үйдің жоғарғы қабатынынан құлаған. 

«102 пультіне таңертең сағат 7:00-де тұрғындардың бірінен ұлты еуропалыққа ұқсайтын жас жігіттің денесі жерде жатқаны жайлы хабар түскен. Оқиға орнында арнайы тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», – деп хабарлайды СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамасына жіберілді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары