$ 449.58  486.94  4.86

Голландияның Утрехт қаласында белгісіз біреу трамвайға оқ атты (ВИДЕО)

18 наурызда Голландияның Утрехт қаласында белгісіз біреу трамвайға оқ атқан. Полицияның дерегінше, бірнеше адам жараланған. Шабуыл жасаған адам әлі ұсталған жоқ деп жазады Азаттық. 

Оқиға жергілікті уақыт бойынша 10.45-те (Астана уақытымен - 15.45) 24oktoberplein трамвай аялдамасында болған. Полиция «оқиға теракт болуы мүмкін» деп күдіктенеді. Бірақ ел билігі әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем көлігі мен полиция машинасы келген. Аймақтағы мектептер жабылды. Полиция тұрғындарға үйден шықпауға кеңес берген. Елдің терроризмге қарсы координаторы жедел жиналыс өткізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары