$ 449.58  486.94  4.86

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары ұсталды

18 наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Атырау облысы әкімнің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле Сайлауованы ұстады деп хабарлайды «Ақ Жайық».

Жергілікті газеттің хабарлауынша, Сайлауова осыдан 2 ай бұрын отставкаға өз еркімен кеткен. Мемлекеттік қызметкер өзгенің мүлкін ұрлау және 5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. 

Нұрсәуле Сайлауова облыстық білім басқармасының бастығы Қайырғали Кенжеғалиевке және оның орынбасары Роза Қабдуловаға қатысы бар болуы мүмкін деген де күдік бар. Оларға былтыр пара алды деген айып тағылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары