$ 448.15  483.46  4.86

Ғалымдар қантты сусынды мөлшерден тыс ішу өмірді қысқартатынын мәлімдеді

Гарвард университетінің ғалымдары жүздеген адамның қатысуымен ауқымды зерттеу жүргізді. Құрамында қанты бар сусындардың жүрек-қан тамырлары сырқаттары мен обырға алып келетіні дәлелденді делінген MedicalXpress баспасөз хабарламасында.

Ғалымдардың айтуынша, күніне қант қосылған төрт сусын ішкен әйелдерде өлім қаупі күрт артады.

Мамандар 1980-2014 жылдары 80 647 әйел мен 1986-2014 жылдары 37 716 ер адам қатысқан зерттеудің қорытындысын талдады. Қатысушылардың денсаулығы әр екі жыл сайын тексеріліп отырған.  

Айына 1-4 қантты сусын ішкен адамда өлім қаупі 1 пайызға артады. Ал аптасына 2-6 сусын бұл көрсеткішті 6%-ға, күніне 1-2 - 14%-ке, күніне 2 сусыннан асса, 21 процентке ұлғайтады. Сусынның салдары ерлерге қарағанда, әйелдерде көбірек байқалған.

Жастай өмірден озудың басты себебі – қан-тамыр аурулары. Тәтті сусындарды жиі ішетіндерде бұл қауіп 31 пайызға артық. Сусынның әрқайсысы бұл қауіпті 10 пайызға ұлғайта түседі.

Зерттеу кезінде  қант алмастырушы қосылған сусындарды ішу өлім қаупін азайтатыны анықталды. Алайда оны да мөлшерден тыс (күніне төртеу) пайдалану өмірді қысқартады. 

Дереккөз: Sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары