$ 447.4  477.55  4.76

«Наурыз мейрамы» мерекелік шарасына келген Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды құттықтады

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурызбен құттықтап, жас жұбайларға бата берді деп жазады Tengrinews.kz

Нұрсұлтан Назарбаев «Наурыз мейрамы» мерекелік шарасына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге келді. Мереке Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы монументінің қасындағы энто-ауыл аймағында өтіп жатыр. 

Этно-ауылда 17 киіз үй құрылған, кейбірі мұражай ретінде жасалған. Мұнда елорда тұрғындары мен қонақтары бауырсақ, палау мен басқа да тағамдардан дәм тата алады. Сондай-ақ, қазақ ұлттық киімдерін қарап, театр көріністерін, айтыс пен қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерттерді тамашалауға болады.

Сонымен қатар, мұнда қазақ күресі, арқан тартыс, асық ату, қол күрес секілді ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтіп жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары