$ 448.15  483.46  4.86

Шымкентте балабақшадан екі бүлдіршін жоғалып кеткен

Шымкенттегі балабақшадан екі бүлдіршін жоғалып кетті. Тәрбиешілердің көзін ала бере, ауладан шығып кеткен кішкентайларды өңірлік полияция тез арада тауып, ата-анасына табыстаған деп жазады NUR.KZ.

Таңертең ата-анасы балабақшаға әкелген балақайлардың жоқтығын байқаған тәрбиешілер полицияға хабар береді.

Тәртіп сақшылары жоғалған балақайларды іздеуге кіріскен. Сол күні-ақ Шымкент қаласы полицейлері жоғалған екі бүлдіршінді тез арада тауып, ата-анасы мен тәрбиешілеріне табыстады. 

«Полиция қызметкерлеріне риза болған екі бүлдіршіннің ата-анасы мен балабақша тәрбиешілері алғыстарын жаудырды», - деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары