$ 447.4  477.55  4.76

Нұржан Керменбаевтың сынға ұшыраған бейнебаяны 1 айда миллион рет қаралды (ВИДЕО)

Отандық әнші Нұржан Керменбаевтың «Аналайын» әніне түсірілген бейнебаяны тыңдармандары арасында сынға ұшыраған болатын. Клипке әншінің әйелі мен балалары түскен.

Осы сынға қарамастан аталған бейнебаян Youtube видеопорталында 1 айда миллион рет қаралып үлгерді. Бұған әншінің өзі мәз, ол өзінің Instagram-парақшасына «бәріміз миллионер болайық» деп жазба қалдырыпты.

Көрермендер «Аналайынның» сапасына сын айтпайды, оларға клипке Нұржанның әйелі түскені ұнамаған. «Жарын клипке түсіру біздің әншілердің әдеті» дейді олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары