$ 448.15  483.46  4.86

Қарағандыда «Жас қанат – 2019» облыстық байқауы өтті

2-3 сәуірде ХХІІІ облыстық жас орындаушылар мен шоу-бағдарламаларды жүргізушілердің «Жас қанат – 2019» облыстық байқауы өтті.

Шараға Қарағанды облысының жастары қатысты. 

«Вокалдық жанр» номинациясы бойынша Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Сәт Ислам, Меней Жұлдыз және Абенова Камилла атты студенттері өнер көрсетті.  

Эстрадалық - жүргізушілік жанры (конферансье) номинациясында Майтанова Карина, Худоиев Амин, Айтметов Абрар намысты қолдан бермеді. 

Іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша облыстық байқаудың финалына Меней Жұлдыз, Әбенова Камилла, Худоиев Амин және Айтметов Абрар өтті. Ақтық кезең қорытындысы бойынша Абенова Камилла І дәрежелі дипломмен, Худоиев Амин және Айтметов Абрар ІІ дәрежелі дипломмен, Меней Жұлдыз алғыс хатпен марапатталды. 

Облыстық байқаудың жеңімпаздарын алдағы уақытта үлкен дода, республикалық байқау күтіп тұр. 

Еске сала кетейік,  «Жас Қанат» –  Қазақстан тәуелсіздігімен бірге жасап келе жатқан еліміздің ең ірі ән байқауларының бірі. 20 жыл ішінде ол Медеу Арынбаев, Ерлан Көкеев, Жанна Орынбасарова, Бақыт Шадаева, Құрмаш, «Дервиши», «Үркер» топтары, Нұрлан Абдуллин, Гүлнұр Оразымбетова және Мадина Сәдуақасова, Бейбіт Қорған мен Маржан Арапбаева сынды әншілердің отандық шоу-бизнестің шыңына шығуына көмектесті. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары