$ 448.89  477.93  4.76

Петропавлда жүк көлігі 2-сынып оқушысын қағып кетті

Петропавлда «КамАЗ» жүргізушісі 9 жасар қызды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жүк көлігі екінші сынып оқушысын Жамбыл және Абай көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер жолында қаққан. 

«54 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншілер жолын байқамағанын айтты. Облыстық наркологиялық орталықтың актісіне сәйкес, жүргізуші сау болған. Жарақат алған қыз бала облыстық ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары