$ 448.56  478.03  4.79

Қарағанды облысы Ассамблеясында «E-medіator» веб-сайты таныстырылды

Қазіргі заманғы әлеуметтік қатынастарды дамыту: дау тудырушы себептерді жоюға, бұзылған субъективтік құқықты қалпына келтіруге бағытталған жанжалдарды шешудің жаңа механизімін енгізуді және оны белсенді пайдалануды талап етеді. Бүгінгі күні медиация институтын дамытуда мектептердегі медиация саласы үлкен рөл атқарады. Осыған байланысты Достық үйінде Қарағанды облысы әкімінің аппараты «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Қарағанды облысындағы мектеп медиациясын дамыту» атты жұмыс жиналысы өтті.

Жиынға Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары, № 3 Октябрь аудандық судьялары және Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар істер жөніндегі соттары мен кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты. Кездесуде мектептегі медиация қызметі туралы ғана емес, сондай-ақ отбасылық соттар туралы да мәселелер қарастырылды. Себебі, қазіргі күні толыққанды отбасында тәрбиеленбеген балалар мен жасөспірімдерге көп көңіл бөлінуі керек.

«Мектепте татуластыру қызметін дамытуда психологтердің, социологтердің, мұғалімдер мен оқушылардың күштерін біріктіру қажет. Мектептермен жасалған ынтымақтастық өңірде бірлікті, бейбітшілік пен келісімді дамыту бойынша жақсы нәтиже беретіні сөзсіз»,- деді жиында сөз алғңан «Диалог» дауларды шешу орталығының басшысы Татьяна Савицкая.

Сонымен қатар, жиында қорған болу және қамқорлыққа алу мәселелері бойынша тегін консультацияларды Қарағанды облысының кәсіби делдалдары қауымдастығы жүзеге асыратындығы айтылды. Кәсіби медиаторлар медиация мәселері бойынша кеңес беріп әр түрлі дау жанжалдарды шешуге көмектеседі. Осы мәселелер бойынша олар халыққа жеке қабылдаулар жүргізеді немесе телефон байланысы арқылы да жәрдем береді.

Оқу орындарында қақтығыстарды болдырмау, қылмыстың алдын алу, жанжалдарға қатысушыларды әлеуметтік оңалту мақсатында Қарағанды облысының білім беру бөлімі мұғалімдерге арнайы медиатор жаттықтырушы курсын өткізді. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін облыстың білім беру мекемелерінде медиация қызметінің атқаратын жұмысы жоспарланды.

Шара қатысушыларына Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «E-medіator» веб-сайты таныстырылды, онда медиация және медиаторлардың жұмысы туралы кең ақпарат жинақталған. Семинар соңында қатысушылар Қарағанды облысының медиация институтын дамытуда күш біріктіріп, бірлесе жұмыс жасауға шешім қабылдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары