$ 448.15  483.46  4.86

Көптен көрінбей кеткен Айсұлтан Назарбаевтың қажылықта жүрген видеосы жарияланды (ВИДЕО)

Қазақстанның бірінші президентінің жиені Айсұлтан Назарбаев туралы соңғы кездері мардымды дерек жоқ. Бір жарым жыл бұрын қоғам назарынан алшақтаған жігіттің бүгін Yedilov Online телеграм-каналында қажылықта жүрген видеосы жарияданды. 

Айсұлтан қағба жанында өзін видеоға түсірген. Жан-жағындағы адамдарды да көрсеткен. 

Айта кетейік, Айсұлтан Назарбаев Дариға Назарбаева мен марқұм Раxат Әлиевтің екінші ұлы. Айсұлтан нағашы атасы билік басына келгеннен кейін бірнеше айдан соң өмірге келді. Есімі де атасына ұқсатып қойылып, фамилиясы да Назарбаев боп жазылған жігіт жайлы елдегі ең ықпалды отбасы әңгіме қозғамауға тырысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары