$ 448.15  483.46  4.86

Қарағанды облыстық Ассамблеясы көпбалалы аналарға арнап тренинг мотивация өткізді

Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшесі, «DӘSTUR », «Келін курс» жобаларының авторы Алтын Каникар көп балалы аналарға арнап тренинг мотивация өткізді. 

Тренингте жетістікке қалай жету жолдары мен іштегі қорқыныш пен күмәнді жеңу әдістері айтылып, қатысушылардың көкейінде жүрген бірқатар сұрақтарына жауап берілді. 

Сонымен қатар тренинг барысында еліміздегі көп балалы аналарға жасалып жатқан мүмкіндіктер жайында сөз қозғалып, Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің жұмысы жайлы айтылды. Алтын Каникар: «Бір қозы артық туса, бір түп жусан артық шығады» деген дана халқымыз, сол себептен баланың көптігі мақсатыңызға бұғау болмай, керсінше жігерлендіретін мотивацияңыз болуы керек. 

Алға қарай ұмтылыңыз, жаңашыл болыңыз, сүйікті ісіңізбен айналысыңыз. Сіз бақытты болсаңыз отбасыңызды да бақытты ете аласыз, өзіңізден бастаңыз» деп , өткен замандардағы етегімен от, етігімен су кешкен қиын-қыстау кезеңдерде де ержүрек аналарымыз көп балалы, үлгілі отбасы бола білгендігін баса айтты.

ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Жанар Кенжеғалиева бастаған ұжым мүшелері де көпбалалы аналарға қолдау білдіруге әрқашан дайын екендіктерін жеткізді. Қатысушыларға: Көп балалы ана деген атаудың қаншалықты құрметті екенін сезініп, отбасыңыз үшін алдымен өзіңізді, ойыңызды өзгертуден бастаңыз деп кеңесін берген Алтын Каникар алдағы уақытта басқа да тақырыптарға тренинг өткізетіндігін атап өтті. 

Тренинг соңында қатысушылар Алтын Каникарға өз алғыстарын білдіріп, осындай игі шаралар жиі ұйымдастырылса екен деген тілектерін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары