$ 447.4  477.55  4.76

«Тырнақтарының астына ине тыққан»: Түркістан облысында өгей ана кішкентай үш қызын әбден азаптаған (ФОТО)

Түркістан облысында 2003, 2005, 2007 жылғы үш қызды 1991 жылғы өгей аналары тырнақтарының астына ине тығып, әбден қорлаған. Бұл туралы ақпарат Facebook әлеуметтік желісіндегі түрлі парақшаларда тарап жатыр. 

 «Кәмелет жасына толмаған қыздардың тырнақтарының астына қайта-қайта ине тығып, жылайын десе, ұрып-соғып, жандарына батып тұрса да, езулерін тартқызып, тоңазытқышқа бірталай уақыт отырғызып қинап, қайшымен денелеріне жарақат салып, шайларына гель қосып беріп ішкізіп, тіпті жыныстық мүшелерін қысқышпен қысып, жарақат салып жүрген екен. Бұл қыздардың көрген азаптары адам айтқысыз», – деп жазылған.

Түркістан облыстын полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын айтты. 

«Бұл жайт Жетісай АПБ-де тіркелді. ҚР ҚК 140-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге шектеу шарасы қолданылады. Комиссия шешімімен балалар әжесіне тапсырылған. Бұл жайт Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің және облыс прокурорының бақылауында», – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ облыстық полиция департаменті үш қызға қатысты жеке мәліметтерді таратпауды ескертеді. 

«Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 147-бабы «Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу» бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған»,  – дейді департаменттің баспасөз қызметі. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары