$ 449.58  486.94  4.86

Әйелімен ұрысып қалған қарағандылық ер адамі бір жарым жасар қызын кепілге алып, өлтіретінін айтқан

Қарағандыда туған әкесі бір жарым жасар қызын өлтіретінін айтып сес көрсетті. 35 жастағы ер адам әйелімен татуласа алмағандықтан баласын кепілге алыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Кей мәліметтер бойынша, отағасы сәбидің мойнына пышақты кезеп, өлтіретінін айтып қорқытқан. Полицияға қоңырау түскеннен кейін, оқиға орнына шұғыл қызметтердің барлығы тартылды. Біраз уақыт келіссөз жүргізіліп, артынша ер адам көлік сұраған. Мұнан кейін ол сәбиімен бірге көлікке отырып, орталық мешітке кеткен. 

Полиция арнайы операция нәтижесінде сәбиді босатып алды. Оны анасымен бірге жедел жәрдем алып кетті. 

Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, әкесі туған қызын кепілге алған. Ер адаммен жүргізілген келіссөздер 4 сағатқа жалғасыпты. 

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары