$ 447.4  477.55  4.76

Әлеуметтік желі қолданушылары Тоқаевтың жаттығу залындағы суретін қызу талқылап жатыр

Гүлнәр Кәтібаева есімді Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы өз парақшасына Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаттығу залындағы суретін жарияланды.

Фото астына автор презизенттің бойындағы жақсы қасиеттерін тізіп жазған.

«Біздің жаңа президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев сондай әсерлі ер азамат екендігі маған ұнайды. Оның келбеті сенімді. Мәдениетттілігі таңдандырады, адами қалпы бөлек. Тіпті Рен-тв арнасынан бір оқиғаға байланысты оның суретін қателесіп шығарған сәті естеріңізде ме? Жағдайға түсіністікпен, сабыр танытқан еді. Ол жәй ғана журналистерге ұрсудың қажеті жоқ. Олар жұмыс жасап жатыр. Ал жұмыс істегендер қателесуі мүмкін екендігін айтып, жағдайды жылы жапқан болатын. 

Сондай-ақ маған оның салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысатындығы ұнайды. Міне, сондықтан, сіздер сұрадыңыздар, мен жауап бердім. Ол – тартымды, сүйкімді», – деп жазды Гүлнар Кәтібаева. 

Ал желі қолданушылары «Дәл солай!», «Президентімізге құрмет білдіреміз! Бәрі жақсы болатындығына сенгіміз келеді!», «Әрине, әркімнің өз пікірі бар!», «Мен де сондай пікірдемін, парасатты кісі. Ымырашыл азамат! Жаңаша дамыған Қазақстанда өмір сүретіндігімізге сенемін!», – деп пікір қалдырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары