$ 448.15  483.46  4.86

Ермұрат Бапи ЖСДП саяси кеңесі съезінде президенттікке ұсынылмақ

Сәуірдің 22-сі күні Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының саяси кеңесі партия съезінде «Дат» газеттер жобасының жетекшісі, журналист Ермұрат Бапиды саяси ұйымның атынан сайлауға кандидат ретінде ұсынатынын хабарлады.

«ЖСДП саяси кеңесі партияның 14-съезін 2019 жылдың 26 сәуірінде өткізуді қаулы етіп, 9 маусымда болатын президенттік сайлауға Ермурат Бапиды съезге үміткер ретінде ұсынды» делінген партияның ресми сайтында.

Ермұрат Бапи түпкілікті шешімді съезд шешетінін айтып, дегенмен саяси кеңестің шешімін қолдайтынын айтты.

«Съезде делегаттар тарабынан қандай ой-пікір болады, қандай ұсыныс айтылады, басқа да үміткер бола ма ол жағын айта алмаймын. Бірақ саяси кеңес мүшелерінің түгелдей мені қолдағаннан кейін келісімімді бердім. Ойын ережесі жалпыға ортақ болмаса да азаматтық қоғамнан, оппозициядан үміткерлер ұсыну керек, қатысу керек деген сөздің де әсері бар» деді Ермұрат Бапи.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – Қазақстанда ресми тіркелген жеті партияның бірі. Сайлау туралы заңға енген соңғы өзгерістерге сәйкес, елде ресми түрде тіркелген бірлестіктер мен ұйымдар ғана президенттікке кандидат ұсына алады. Жеке тұлғалар, азаматтар өз-өзін ұсына алмайды.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары