$ 446.49  475.38  4.79

Елбасы Nur Otan сьезінде көзіне жас алды (ВИДЕО)

Бүгін Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде қорытынды сөз сөйлегеннен кейін елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бекболат Тілеуханның «Елім менің» әні шырқалып жатқанда көзіне жас алды.

«Біздің мақсатымыз ел тұрғындаырының жағдайын жақсартып, қоғамды одан ары өркендету. Барлық елдермен салыстырғанда біз үлкен де, кіші де мемлекет емеспіз. Мынау кеңістіктегі жағдайымыз қиын да, оңай да екі жағдай да бар. Осындай заманда артта қалмау үшін, басқа елдің шаңын жұтпау үшін, бірлік керек. Бірақ біздің жағдайымызда керауыздарға сөз беріп қойсақ, елдіктен айрыламыз, тәуелсіздіктен жұрдай боламыз», –  деді Елбасы.

Айта кетейік, «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде  елбасы Нұрсұлтан Назарбаев президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынатынын айтқан болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары