$ 449.58  486.94  4.86

Әйелдердің күйеуін тастап кетуіне негіз болатын 5 себеп

Неге қыздар бала күндерінен бұзақы балаларға қызығып, оларға тұрмысқа шыққанан кейін күйеуінің есалаң мінезінен шаршап, ажырасып кетеді? Сондай-ақ керісінше биязы мінезді жігіттерді ұнатып, үйленген соң олардан дереу мезі болып қалады? Бұл туралы woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ баяндап береді.

Әйел адамдардың жақсы ер азаматтардан мезі болып, оларды тастап кетуіне мына дүниелер себеп болады:

Эмоция

Әйел адамның бойында эмоция тұнып тұр. Ол сол эмоцияны өзінің екінші жартысынан да талап етеді. Егер ер адам әйелдің ішін пыстырып, қызықсыз бола бастаса, ол эмоцияны басқа жерден іздейтін болады.

Асыраушы

Жақсы күйеу отбасын асырау керек. Кейде мұндай түсінік ер адамдарды күндіз-түні бас алмай жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Көп ұзамай әйел өзіне дұрыс көңіл бөлінбейтінін, қамқорлық жетіспейтінін байқайды. Содан кейін, сүйіктісінің оны жұмысқа айырбастап кеткені үшін өкпелейтін болады.

Тұлғалық өсімнің жоқтығы

Кей жағдайда керісінше, күйеуі үй шаруасымен көмектесіп, бала тәрбиесіне араласқанымен, мансапқа жете алмайды. Сол себепті асыраушының рөлі әйел адамның мойнына түседі. Мұндай жағдай нәзікжандының көңіліне жақпауы мүмкін. Соңында ол күйеуінің мансапқа жету үшін ештеңе істемейтінін айтып, шамына тиетін болады.

Сырт келбет

Күйеуі керемет болса да, әйел адам оны тастап кетуі мүмкін. Себебі сүйіктісі жұбайын қызықтырмай кетеді. Жалғыз ер азаматтардың ғана көңілі жастарға бұрып тұрмайды. Әйел адам да жанында келісті ер адамды көргісі келеді.

Құмарлық

Құмарлық пен темперамент көп нәрсені шешуі мүмкін. Жақсы күйеу- жақсы көңілдес емес. Ол төсек қатынастында әйелін қанағаттандыра алмаса, қарым-қатынас ұзаққа бармауы мүмкін. Бұл мәселені өзара талқылап, дәрігерге жүгініп, шешуге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары