$ 448.15  483.46  4.86

Шымкентте ескі үйдің қабырғасы құлап, екі адам қайтыс болды

Шымкенттегі Абай ауданы «112 квартал» шағын ауданындағы ескі үйдің қабырғасы құлап, екі адам қайтыс болды. Бұдан бөлек, екі адам жарақат алып, ауруханаға түскен. Оқиғаны қалалық төтенше жағдайлар департаменті растады, деп жазады Азаттық.

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

«Бұл жеке тұрғын үйде құрылыс жұмыстары жүріп жатқан кезде болған жазатайым оқиға. Мұндай жайт төтенше жағдай ретінде тіркеуге алынбайды. Үйіндінің астында қалып қойған адамдарды алып шығуға мамандар көмектесті», – деді департаменттің ресми өкілі Зәуре Абдуллақызы.

Шымкент қалалық 1-клиникалық ауруханасының кезекші дәрігері Ахметжан Керімбаев ескі үйдің астында қалып, жарақат алған екі адамның 10 мамырда ауруханаға түскенін айтты. Оның сөзінше, екеуінің де аяғы сынған. Травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігер жағдайын қалыпты деп бағалады.

Оқиғаға байланысты полиция әзірге жауап бермеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары