$ 446.49  475.38  4.79

Ауыр жараланды: Алматыда манипулятор құлап 3 әйелді басып қалды

Алматыда манипулятор құлап, 3 әйел зардап шекті. Оқыс оқиға 14 мамыр күні болды, деп жазады Stan.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, манипулятордың бекіткен жері ағытылып құлады. Бұл кезде үш әйел өтіп бара жатқан. Үшеуі де зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы үш науқастың ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді. Барлық лабороториялық-диагностикалық зерттеу шұғыл түрде жасалды. 

"Ота жасалды. Науқастар жансақтау бөлімінде жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Интенсивті емдеу талабына сай ем жіргізіледі", - деді баспасөз қызметінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары