Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


16.05.2019, 10:55

Алматы қаласының әкімі Instagram желісінде жеке парақша ашты

ҚазАқпарат

Бауыржан Байбек Instagram-да жеке парақшасын ашты.

Әлеуметтік желідегі парақшасында әкім қызметіне кірісе салып, тұрғындармен әлеуметтік желі арқылы байланысқа шыққан кезін жариялады.

«Алматы әкімдігіндегі алғашқы жұмыс күндерімде қалалықтармен ақпараттық байланыстың негізгі көзі әлеуметтік желілер болды. Сондықтан біз «Инстаграмда» әкімдіктің аккаунтын және «Open Almaty» қоғамдық қабылдау орталығын аштық.

Сіздерден келіп түскен өтініштерді зерделей отырып бүгінгі күні бюджеттің басым бөлігін әлеуметтік мәселелерді - абаттандыру, қоғамдық көлікті дамыту, жол, мектеп, балабақшалар, ауруханалар салуға және басқа да өзекті мәселелерді шешуге бағыттадық», - деп әкім алғашқы постын жариялады. 

Сондай-ақ, Байбек Алматыда қандай өзгерістердің орын алатынын жазды. 

«Таяу арада "Бюджетке қатысу" пилоттық жобасын іске қосамыз. Алматының әр ауданында жарты миллиардқа жуық теңгені тұрғындардың өздері қайда жұмсалатынын анықтайтын болады.

Қалалықтар өз ұсыныстары мен жобаларын бере алады, ал ашық дауыс беру олардың ең үздіктерін анықтайтын болады.Бүгін мен қоғаммен байланыстың тағы бір арнасын ашуды жөн көрдім. Яғни, сіздердің өтініштеріңіз бен талап-тілектеріңізді тікелей қабылдап, атқарылған жұмыстар туралы күнделікті хабардар ететін боламын», - деді Бауыржан Байбек. 

Естеріңізге сала кетейік, әкім бұған дейін Twitter желісінде парақша ашқан. 

 

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.