$ 448.15  483.46  4.86

Алматы іргесіндегі қоқыс полигонындағы өрт сөндірілді

Алматы облысы Қарасай ауданындағы қоқыс полигонында болған өрт 18 мамыр күні сағат 18:10-да сөндірілді. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, алаң 1 гектар жерді құраған. Жұмыстар аяқталды. Жалпы, үш күн ішінде КА-32 және МИ-8 тікұшақтарымен 840 текше метр су төгілді, ал арнайы техникамен 3 мың текше метрге жуық топырақ әкелінді.

Хабарламада айтылғандай, ошақты жоюға 97 бірлік техника мен 148 адам жұмылдырылды. Қазір «KAZ Waste Conversion» ЖШС полигонының инженерлік техникасымен (бульдозерлер, грейдерлер) жер үйіндісін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 16 мамыр күні таңертең Алматы тұрғындары қаланың әр бөлігіндегі жағымсыз иіске шағымданған болатын. Кейін иіс Қарасай ауданында жанып жатқан қоқыс полигонынан шыққаны анықталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары