$ 444.32  473.33  4.76

Германияда автобус аударылып, 70-тен астам адам зардап шекті

Германияның Лейпциг қаласына жақын жерде қалааралық автобус аударылды. Көлік ішінде 75 адам болған, деп хабарлайды dw.com.

19 мамыр күні кешке автобус Берлиннен Мюнхенге қарай бара жатқан. А9 трассасында болған апат салдарынан бір адам қаза тауып, 70-тан астам жолаушы зардап шекті.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, зардап шегушілерді тікұшақпен алып кетті. Қазіргі таңда, трассада қозғалыс тоқтатылды.

Алдын ала мәліметтерге cәйкес, жүргізуші автобусты айдап келе жатып, ұйықтап қалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары