$ 445.66  474.58  4.78

Қостанай облысында елік аулаған РФ азаматы ұсталды

Қостанай облысында Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген жануарды атып алған Ресей азаматы ұсталды деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Шекарашылар Қостанай шекара отрядының «Обаған-авто» бақылау-өткізу бекетінде «Иж 2126-20» автомашинасын мініп, «Ұзынкөл (ҚР) - Щучанский (РФ)» бағытында кетіп бара жатқан күдікті азаматтың көлігін тексеріп көрген. 

Оның машинасын қарау кезінде қара полиэтиленді пакетке салынған, салмағы 100 кг болатын еліктің еті табылды. Ресей азаматы оған қатысты ешқандай құжатты көрсете алмады. Аталған дерек бойынша материалдар Қостанай облысы Ұзынкөл аудандық ішкі істер бөліміне берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары