$ 443.85  474.3  4.8

Грек парламенті біржынысты некені заңдастырды

Грекия парламенті біржынысты некені заңдастырды деп хабарлайды Gay Star News. Кеше дауыс беру барысында 300 өкілден тұратын бірпарламентті палатаның 194 өкілі аталған заңды қолдайтындарын білдірген. Қарсылық танытқандар саны небәрі 55 адам ғана.

Ел констиуциясына енгізілетін өзгерістер біржынысты ерлі-зайыптылардың мүлкін және мұрасын реттеу мәселелерін оңтайландырады. Сондай-ақ, осындай "ерекше" отбасылардың бала асырап алу проблемасын да шешіп бермек.

Гейлер мен лесбилердің халықаралық ассоциациясын басқарып отырған Джойс Хэмильтон болса аталған шешімге дән риза екенін білдіріп, грек саясаткерлері өз уәделерін орындады дегенді айтып отыр. Ал, осы ұйымның атқарушы директоры Эвелин Парадиз бұл заңның қабылдануы көптеген жылдар бойы төгілген тердің нәтижесі дейді.

Greek Reporter басылымының хабарлауынша, Грекия премьері Алексис Ципрас көптеген жылдар бойы парламент қарауында жатқан осынау заңды бүгінге дейін қабылдамай келгені үшін парламент өкілдерінен кешірім сұрады. "Енді ЛГБТ қоғамын жарқын болашақ күтіп тұр" деп мәлімдеді Ципрас осы жиын барысында.

Айта кету керек, Грекия біржынысты некені заңдастырған алғашқы православтық мемлекет. Ал, жалпы елде ең алғаш рет еркек пен еркектің заңды түрде үйленуі 2008 жылы орын алған болатын. "Жас жұбайлар" 1982 жылы қабылданған неке туралы заңда жыныстың көрсетілмейтінін алға тартып, некелерін қиғызған еді. Кейін бұл заң қайта өзгертілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары