Шымкентте қалта ұрлығымен айналысқан үш әйел ұсталды - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

Шымкентте қалта ұрлығымен айналысқан үш әйел ұсталды

06.01.2017 11:24
Шымкентте қалта ұрлығымен айналысқан үш әйел ұсталды

Шымкенттік полицейлер қалта ұрлығын кәсіп еткен жергілікті үш әйелді ұстады деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі. Күдіктілер базарлар мен адам көп жиналатын орындарда қалтаға түсумен айналысыпты.

Полицейлерге өткен жылдың соңында 30 жастағы Шымкент тұрғыны арызданған болатын. Әйелдің айтуынша, базарда оның сөмкесінен белгісіз біреулер ақшаға толы әмиянын ұрлап кетіпті. Келтірілген шығн көлемі 120 мың теңге.

Шұғыл іздеу жұмыстары барысында бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерттеліп, тәртіп сақшылары 1971, 1985 және 1991 жылы туған үш әйелді қолға түсірді. Үшеуі де жұмыссыз және Шымкенттің тұрғындары.

Тергеу барысында белгілі болғандай, күдіктілер қалта ұрлығын кәсіп еткен екен. Бұған дейін олардың тағы осындай үш қылмысқа қатысы бар екені анықталып отыр. Келтірілген жалпы шығын көлемі 200 мың теңгеден асады. Ұрлық жасар кезде күдіктілердің бірі "құрбандарын" алдандырумен айналысса, қалған екеуі сөмкесі мен қалтасын түгел тінтіп шығады екен. Керектілерін алып болған соң біраз уақытқа дейін ізін суытады.

Қазір ұсталған үш әйелдің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші