Шымкентте жылу бағасы тағы қымбаттады - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Шымкентте жылу бағасы тағы қымбаттады

06.01.2017 15:27

Шымкентте жаңа жылдан бастап жылу тарифі 12%-ға қымбаттады деп жазады Хабар-24.

Қала тұрғындары бұған дейін үйдің әр шаршы метріне тұтынған жылуы үшін 109 теңгеден төлейтін. Қаңтардан бастап бұрынғыдан 14 теңге 14 тиын артық береді. Мамандар бағаның өсуін өзге де коммуналдық қызмет ақысының көтерілуімен байланыстырып отыр. Оған қоса қаланы тұтастай жылумен қамтамасыз етіп отырған «3-Энергоорталық» қазандықтан шыққан жылу бағасын қымбаттатқан. «Осының барлығы түптеп келгенде төлемақының көтерілуіне себеп», - дейді қуат жылу орталығының мамандары.

Қайрат Досжанов, «Қуат жылу орталығы-3» МКМ басшысының орынбасары:

- Бізде барлық коммуналдық қызметтер, оның ішінде газымыз 10,8%-ға қымбаттады. Су 30%-ға қымбаттады. «3-Энергоорталықтан» сатып алып жатқан жылуымыздың өзі 10,7%-ға қымбаттады.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші