Азаматтарды тіркеу үшін ХҚКО-лар мерекелік күні де жұмыс істейтін болады - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Азаматтарды тіркеу үшін ХҚКО-лар мерекелік күні де жұмыс істейтін болады

06.01.2017 20:54
Азаматтарды тіркеу үшін ХҚКО-лар мерекелік күні де жұмыс істейтін болады Today.kz

Көші қон полициясының заңнамасындағы жаңа ережелерді қабылдауға байланысты, тұрғылықты жері бойынша азаматтарды уақытша тіркеу қызметі ҚР ІІМ көші қон полициясының ведомствосына қарасты, оның қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналасқан.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы фронт-офистерінің жүктемесін азайту мақсатында Астана мен Алматы қалаларында  7 қаңтар күнін жұмыс күні етуге шешім қабылданды. «7 қаңтарды жұмыс күні ету шешімі ҚР ішкі істер министрлішімен бірлесіп қабылданды. Бұл бірінше кезекте халыққа ыңғайлылық үшін жасалды. Астана мен Алматы қалаларының, сондай-ақ облыстық орталықтардың  Халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін азаматтар тіркеуден өту үшін  жұмыс істейтін болады» - деп түсіндірді «Азаматтарға арналған үкімет» басқама төрағасы Данияр Еренчинов.

Сондай-ақ Еренчинов, қалған уақытта облыс орталықтарындағы азаматтар жылжымайтын мүліктің орналасу жеріне қарамастан уақытша тіркеуден өтулеріне болатынын ескертті. Мысалы, егер сіз Қостанай қаласының орталығында тұратын болсаңыз, тіркеуден өту үшін сізге Таран көш., 114 орналасқан №1 ХҚКО-ға келу  міндетті емес, яғни сіз тіркеуге тұру процедурасын Гашек көш., 14 мекенжайындағы №2 бөлімінен де жүзеге асыра аласыз. Бірақ, эксаумақтық қағидаты Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қолданылмайтынын есте сақтағаныңыз жөн. Бұл қалалардың тұрғындарына жылжымайтын мүліктің орналасқан жеріндегі ХҚКО-ларға барулары тиіс. Яғни, сіз тіркеуге тұратын пәтер Астана қаласының Есіл ауданына қарасты болса, тіркеуге тұру үшін Достық көш., 20 мекенжайындағы Есіл аудандық №1 бөліміне жүгіну керек.

Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу үшін үйдің меншік иесі және тіркеуге тұратын азаматтың өзі келуілері тиіс. Екеуі де өзімен бірге жеке басының куәлігін, меншік иесі – пәтерге құқық белгілеуші құжатты, ал тіркеуге тұрушы – АЕК-тің 10% құрайтын  баж салығын төлегені туралы түбіртекті әкелулері шарт.

Анықтама ретінде: Астана қаласы бойынша 7 қаңтар күні 9.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс істейтін ХҚКО бөлімдері

  1. Есіл ауданының №1 бөлімі - Достық көш., 20
  2. Алматы ауданының №3 бөлімі - Күйші Дина көш., 29/1
  3. Алматы ауданының №4 бөлімі - Сәтпаев көш., 25
  4. Сарыарқа ауданының № 5 бөлімі - С-409 көш., 13
  5. Сарыарқа ауданының № 6 бөлімі - Республика даңғ., 43

Алматы қаласы бойынша:

  1. Алматы ауданының бөлімі - Бөгенбай Батыр көш., 221
  2. Әуезов ауданының бөлімі - Жандосов көш., 51
  3. Алатау ауданының бөлімі - Шаңырақ 2 ы/а., Жанқожа батыр көш., 24
  4. Бостандық ауданының бөлімі - Алмагүл ы/а., Ходжанов көш., а 9 А
  5. Жетісу ауданының бөлімі - Құлагер ы/а., Серіков көш., 6А
  6. Медеу ауданының бөлімі - Марков көш., 44
  7. Түрксіб ауданының бөлімі - Рихард Зорге көш., 9
  8. Наурызбай ауданының бөлімі – Ақжар ы/а., Егінсу көш., 33

Ақтөбе қаласы бойынша

  1. Ақтөбе қалалық №1 бөлім - Тургенев көш., 109
  2. Ақтөбе қалалық №2 бөлім - 12 ы/а, 38 Б

Ақтау қаласы бойынша

  1. Ақтау қалалық бөлім - 15 ы/а., 67 б

Атырау қаласы бойынша

  1. Атырау қалалық № 1 бөлім - Сатпаев көш., 23
  2. Атырау қалалық № 2 бөлім - Баймұханов көш., 16А
  3. Атырау қалалық № 3 бөлім - Балықшы ы/а., Байжігітов көш., 80А

Шымкент қаласы бойынша

  1. №1 бөлім - Мәделі Қожа № 1 Г
  2. №2 бөлім - Мәделі Қожа № 1 Г
  3. №3 бөлім - Джангельдин көш., 13А
  4. №4 бөлім - Күншығыс ы/а., 116/1
  5. №5 бөлім - Нұрсат ы/а., 24/1
  6. №6 бөлім - Сайрам тұрғын үй кешені, Ибрагим ата көш., н/ж
  7. №7 бөлім - Қызылжар ы/а., Хамза көш., 33

Павлодар қаласы бойынша

  1. № 1 бөлім - Кутузов көш., 204
  2. № 2 бөлім - Исиналиев көш., 24
  3. № 3 бөлім - Павлов көш., 48

Петропавл қаласы бойынша

  1. №1 бөлім - М. Әуезов көш., 157
  2. №2 бөлім - Қазақстан конституциясы көш., 72

Көкшетау қаласы бойынша

  1. Көкшетау қалалық №1 бөлім  - М. Әуезов көш., 189  А
  2. Көкшетау қалалық №2 бөлім -  Абай көш.,  96

Талдықорған қаласы бойынша

  1. Талдықорған қалалық бөлімі - Тәуелсіздік көш., 67 Б

Өскемен қаласы бойынша

  1. Өскемен қалалық №1 бөлім - Сәтпаев данғ., 34/2
  2. Өскемен қалалық №2 бөлім - Қазақстан көш., 99/ 1
  3. Өскемен қалалық №3 бөлім - Белинский көш., 37, а

Семей қаласы бойынша

  1. Семей қалалық №1 бөлім - 408-орам, 21
  2. Семей қалалық №2 бөлім - Б. Момышұлы көш., 22

Тараз қаласы бойынша

  1. Тараз қалалық №1 бөлім - Қойгелді көш., 158
  2. Тараз қалалық №2 бөлім - Талас ы/а., 2
  3. Тараз қалалық №3 бөлім - Абай даңғ., 232
  4. тараз қалалық №4 бөлім - Сәтпаев көш., 1Б

Орал қаласы бойынша

  1. Орал қалалық №1 бөлім - Жамбыл көш., 81/2
  2. Орал қалалық №2 бөлім - Құрманғазы көш., 173

Қарағанды қаласы бойынша

  1. Қарағанды қалалық №1 бөлім - Ержанов көш., 47/3
  2. Қарағанды қалалық №2 бөлім - Чкалов көш., 7
  3. Қарағанды қалалық №3 бөлім - Тәттімбет көш., 10/5
  4. Қарағанды қалалық №4 бөлім - Архитектурная көш., 8
  5. Қарағанды қалалық № 5 бөлім - 21 ы/а., 6/7
  6. Қарағанды қалалық №6 бөлім - Серов көш., 73

Қостанай қаласы бойынша

  1. Қостанай қалалық № 1 бөлім - Таран көш., 114
  2. Қостанай қалалық № 2 бөлім - Гашек көш., 14

Қызылорда қаласы бойынша

  1. Қызылорда қалалық №1 бөлім - Мұратбаев көш., 2Е
  2. Қызылорда қалалық №2 бөлім - Тасбөгет а., Амангелді көш., 8 А
  3. Қызылорда қалалық №3 бөлім - Ақмешіт ы/а., 1Б

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші