Шымкенттің орталығында атыс болып, бір адам қаза тапты (ВИДЕО) - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

Шымкенттің орталығында атыс болып, бір адам қаза тапты (ВИДЕО)

09.01.2017 11:20
Шымкенттің орталығында атыс болып, бір адам қаза тапты (ВИДЕО)

Бүгін таңға жақын Шымкенттің қақ ортасындағы «Кәмшат» мейрамханасында атыс болып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы жергілікті «Отырар» телеканалы хабарлап отыр.

Мейрамханадағы көңілді отырыс соңы ерегіске ұласқан. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше ер азамат жанжалдасып, араларында біреуі қару атыпты. Мейрамханада болғандар қарудың 5 рет атылғанын естігенін айтып отыр. Алайда, оқиға орнына дереу жеткен полицейлер 7 оқтың гильзасын анықтаған.

Жедел жәрдем дәрігерлері мен полицейлер оқиға орнынан жәбірленгендерді таба алған жоқ. Есесіне оқ тиіп, ауыр жараланған адамның денесі жақын маңайдан - Тәуке хан мен Қазыбек би көшелерінің қиылысынан табылған.

«9 қаңтар күні таңғы сағат 05:20-да жедел жәрдем кезекшісі атыс болғаны туралы хабарлама алған. Біздің 13-ші бригада оқиға орнына дереу жетіп келді. Біз кеудесіне оқ тиіп, қансырап жатқан ер азаматтың денесін таптық. Дәрігерлер келген кезде ол тіршілік белгілерін көрсетпеген», - дейді жедел жәрдем дәрігері Қолдашев.

ВИДЕО +18

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші