Шымкенттегі мейрамханада адам атып өлтірді деген күдікпен 25 жастағы жігіт ұсталды (ВИДЕО) - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Шымкенттегі мейрамханада адам атып өлтірді деген күдікпен 25 жастағы жігіт ұсталды (ВИДЕО)

11.01.2017 09:31

Осыдан бірнеше күн бұрын Шымкенттегі "Кәмшат" мейрамханасының алдында адам атып өлтірді деген күдікпен жергілікті тұрғын қолға түсті деп хабарлайды КТК телеарнасы. Алайда, қылмыс құралы әзірге табылмапты. 25 жастағы жігітті полицейлер үйінен таппай, қаланың басқа аумағынан қолға түсірген.

Қанды қылмыс қаланың қақ ортасындаңы мейрамханада орын алған еді. Куәгерлердің айтуынша, дәмханада отырған екі топ арасында ерегіс туындаған. Ғимараттан шыға бере жұдырық сілтескен жігіттердің бірі қарумен бірнеше мәрте оқ атыпты. Соның салдарынан 30 жастағы Бауыржан есімді Шымкент тұрғыны көз жұмды. Ғаламторда жарияланған видеода дәрігерлердің марқұмды ажалдан алып қалу үшін жанталасып жатқан сәті түсірілген. Ал, сол жердегі өзге де адамдардың сөзінен жігіттің дәрігерлер келгенше жан тапсырғаны байқалады.

Пікір  

+ 0 Баха 15.01.2017 14:20
Бұл жағдай просто "цветочки".
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші