Жамбылдағы «Казфосфат» зауытында жойқын жарылыс болды - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жамбылдағы «Казфосфат» зауытында жойқын жарылыс болды

11.01.2017 09:53

Жамбылда төтенше жағдай. Аймақтағы ең ірі «Казфосфат» зауытында жойқын жарылыс болды деп жазады 31.kz. Жараланғандар бар дейді куәгерлер. Бірақ әзірге оқыс оқиғаға байланысты ресми органдар мәлімдеме жасаған жоқ.

Жарылыстың қатты болғаны соншалық 20 шақырым жерді қара қою түтін басып қалған дейді куәгерлер. Куәгерлер апат 7-ші цехта болғанын айтады. Сөздерінше, зардап шеккен адамдардың қатары қалың. Оқиға орны оқшауланып, күзетшілер ішке ешкімді кіргізбеуге бұйрық алған көрінеді. Жарылыс болған сәтте зауытта болған қызметкерлер химиялық қопарылыстан тіпті жер сілкінгенін айтады. Тіпті терезелері түгел сынып атылғанын жеткізді. Оқиғадан опат болған немесе қанша адам жараланғаны туралы әзірге ешқандай мәлімет жоқ. Ішке тек жедел жәрдем көліктері ғана жіберілуде. Белгілісі, қазір зауыт басшысы күйік жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізілген.

ӘБІЛСЕЙІТ СЫДЫҚОВ, Тараз қалалық №2 ауруханасының дене күйік бөлімінің дәрігері:

- НДФЗ зауытынан науқас Франгулиди 1949 жылғы азамат жеткізілді. Түскен кезіндегі науқастың диагнозы 1-2 санаттағы химиялық күйік. Беті және оң жақ білек тұсы. 

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші