Серік Ахметов рақымшылыққа ілінуі мүмкін - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

Серік Ахметов рақымшылыққа ілінуі мүмкін

11.01.2017 14:18
Серік Ахметов рақымшылыққа ілінуі мүмкін Литер

Сотталған Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовке қатысты рақымшылық бойынша жазасын өтеу мерзімін қысқарту туралы өтініш келіп түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Серік Ахметов жазасын өтеп жатқан мекемеден «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңын қолданысқа енгізілген күнінен бастап оның жазасының өтелмеген төрттен бір бөлігін қысқарту туралы ұсыным берді. Бас бостандығынан айыру органдары Ахметовтің өтініші бойынша қолдаухат жіберген. Өтініш бүгін келіп түсті. Іс сотқа жіберіліп, қарау уақыты белгіленеді», - деп мәлім етті Абай аудандық сотының БАҚ-пен жұмыс үйлестірушісі Ардақ Жұмашев.

Еске сала кетейік, 2015 жылы желтоқсан айында Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы премьер-министр С.Ахметов пен басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты іс бойынша үкімі шығарды.

Аталмыш іс бойынша 7 түрлі эпизодқа сәйкес барлығы 21 адам айыпталған болатын. Сот талқылауы 2015 жылғы 10 тамызда басталып, төрт айға созылды. Сот тергеуі мен сот жарыссөздері 2015 жылғы 9 желтоқсанда аяқталды.

Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық соты 2016 жылдың 14 наурызда жемқорлық қылмыстық іске қатысты сотты болған 11 адамның жазасын жеңілдетті. Соның ішінде Серік Ахметовтің жазасы 10 жылдан 8 жылға дейін азайтылды.

Пікір  

+ 0 Ақыбай 11.01.2017 17:00
Е... алла қабыл айла!!!
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші