Алматыда ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш ашылды - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

Алматыда ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш ашылды

31.05.2017 11:11
Алматыда ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш ашылды Tengrinews.kz

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіштің ашылуына қатысып, шейіт болған бабалар рухыа тағзым етті деп жазады Қазақпарат.

«Ашылғалы отырған ескерткіш өскелең ұрпақтың, жазықсыз шейіт болған ата-бабамыздың рухына бас иіп, тəуелсіздігіміздің баға жетпес байлық екендігін ұғындыра білетін киелі орын болары сөзсіз. Елбасының тарсырмасымен өткен жылы осы ескерткішті салуға байқау жариялаған едік. Оған жалпы саны 21 жоба арнайы мамандардың талқылауынан өтті. Астанадағы мемлекеттік комиссияның ұйғаруымен баласын кеудесіне қысқан ана бейнесі жеңімпаз деп танылды. Ана - бар тіршіліктің қайнар көзі, келешек кепілі. Ана қасіреті - ел қасіреті. Аштықтан бұратылған болашағын, сәбиін құшақтаған ана халі сол замандағы өмір мен өлім арасындағы қазақ халқының басынан кешкен тағдырын шынайы бейнелейтіндей», - деді Бауыржан Байбек.

Ескерткіштің авторлары: Қанат Бигулиев, Айдос Бүркітбаев, Дулат Үсембаев. Нысанның биіктігі 3 метр, ол қола мен граниттен құйылған.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші