Ташкентте медколледждің оқытушылары студент өлімі үшін бізді жазалап жатыр дейді - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

14.06.2017, 10:21

Ташкентте медколледждің оқытушылары студент өлімі үшін бізді жазалап жатыр дейді

Ташкент медициналық колледжінде оқыған, ауыр соққыдан қаза тапқан 18 жастағы Джасур Ибрагимовтің оқытушылары басшылық тарапынан қысым көріп жатқанын айтады. Оқытушылардың сөздерінше, оларды демалыссыз жұмыс істеуге мәжбүрлеп жатыр. Бұл туралы centralasian.org порталы жазды.

11 маусымда демалыс күніне қарамастан, Ташкент медициналық колледждің оқытушыларын жұмысқа шығуға мәжбүрлеген. Бұл жөнінде Азаттықтың өзбек қызметіне жолдаған ашық хатта жазылған.

Оқытушының бірінің сөздеріне қарағанда, оларды Джасур Ибрагимовтің өлімі үшін жазалауды шешкен.

– Директорды қызметінен алды. Жаңа басшы әлі келмеді. Гульчехра Алимова уақытша директордың қызметін атқарады. Бізде әлі тексеру жүріп жатыр. Бізді Джасурдың өлімі үшін айыптайды. Тексеруден шаршадық, – дейді оқытушының бірі.

Алайда медколледждің жетекшілері ешкімге қысым көрсетіліп жатпағанын айтады. Оқытушылар еңбек заңына сәйкес, демалыс алады дейді.

Студенттің өліміне қатысты бірнеше адам ұсталған болатын. 4 маусымда Ташкенттің жүздеген тұрғындары кінәліні жазалауын талап етіп, көшеге шыққан.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші