Ресей "Ислам мемлекеті" ұйымының жетекшісі әл-Бағдадидің өлтірілгенін айтты

16.06.2017, 17:48

Ресей "Ислам мемлекеті" ұйымының жетекшісі әл-Бағдадидің өлтірілгенін айтты

Ресейдің қорғаныс министрлігі "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының жетекшісі ресейлік әуе соққысынан қаза тапты деген мәлімдеме таратты. Министрлік дерегі бойынша, Әбу Бәкір әл Бағдади мамыр айының соңында Ракка қаласының оңтүстігіндегі үйде әуе соққысы салдарынан өлді. Сирияның солтүстігіндегі бұл қаланы экстремистік топтың басқару штабы деп атайды.

"Ислам мемлекетінің" жетекшісі делінетін адамның қазасы туралы бұған дейін баспасөзде бірнеше мәрте хабарланған. Бірақ ол ақпаратты кейін жоққа шығарып келді. Соңғы мәрте ИМ жетекшісінің өлімі туралы мәлімет өткен аптада жарияланды. Бірақ осы уақытқа дейін әскери мекемелер мұндай мәлімдеме таратпаған еді.

Қорғаныс министрлігінің хабарламасында әл Бағдадидің қазасы туралы мәлімет тексеріліп жатқаны жазылған.

Әл Бағдади "Ислам мемлекеті" тобын 2014 жылы маусымда басқара бастады. Экстремистер Сирия мен Ирактың үлкен бөлігін жаулап алып, ықпалын арттыруға тырысты. Ұйымды адамзатқа қарсы жасалған көптеген қылмысы үшін айыптап отыр.

"Ислам мемлекеті" делінетін топпен АҚШ басқаруындағы халықаралық коалиция да күресіп келеді. 2015 жылы қыркүйекте Ресей Сириядағы әскери операциясын бастады. Кремль оны исламшылдармен күрес деп атады.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші