Өзбекстан президенті екінші әйел алуды қолдамайтынын білдірді - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

Өзбекстан президенті екінші әйел алуды қолдамайтынын білдірді

19.06.2017 16:09
Өзбекстан президенті екінші әйел алуды қолдамайтынын білдірді

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 15 маусымда имамдардың және діни қызмет өкілдерінің қатысуымен селекторлық жиналыс өткізді деп жазады centralasian.org.

Жиналыс барысында ол көп әйел алу жөнінде пікірін білдірді. Ол екінші әйел үшін неке рәсімін жасаған молдадар заң алдында жауап береді деді. Президенттің сөйлеген сөздері YouTube-та қызу талқыға салынып жатыр. Бұл жаңалықты ВВC арнайы да көрсеткен.

“Соңғы уақытта шариғат заңы бойынша екінші әйелге үйленіп жатқан оқиғалар көбейіп кетті. Әсіресе ресми тіркелмей, тек мешіттерде некесін қидыратындар Ташкентте өте көп. Екінші әйелден заңсыз туылған балалардың ертеңгі тағдыры қалай болады? Құрметті имамдар, мұндай балалар сіздердің арларыңызға сын”, - деп мәлімдеді Мирзиеев.

Өзбекстан президенті сонымен бірге азаматтардың ресми тіркеусіз некесін қиған имамдарды жауапқа тартатын заң қабылданатынын айтты.

Пікір  

+ 0 зарипа кахар 19.06.2017 19:44
Біздікілер не дейді екен?
Жауап беру
+ 0 Азаматша 20.06.2017 09:36
Нағыз мемлекет басшысының ақылды сөзі.
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші