Алматы іргесінде тағы бір шағын ұшақ құлап, 2 адам қайтыс болды - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

10.08.2017, 11:48

Алматы іргесінде тағы бір шағын ұшақ құлап, 2 адам қайтыс болды

Алматы іргесінде тағы бір шағын ұшақ құлап, 2 адам қайтыс болды Көрнекі сурет

Бүгін сағат 09:53-те оқу-жаттығу тапсырмаларын орындау мақсатында әуеге көтерілген "Текнам 2002" ұшағы "Азем" аэродромынан 2 шақырым қашықтықта құлады деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.

Апат салдарынан ұшақта болған екі адам да қайтыс болған. Олардың бірі - үйретуші пилот, екіншісі - курсант.

Құлаған ұшақ Азаматтық авиацияның академиясына тиесілі болған. "Азем" аэродромы Алматыдан 43 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазіргі таңда ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне қарасты Көліктегі апаттарды тергеу департаменті істің мән-жайын анықтауға кірісіп кетті.

Еске салайық, шілде айында Алматы іргесінде егістік даласын дәрілеу үшін әуеге көтерілген жекеменшік шағын ұшақ апатқа ұшырап, ол кезде де екі адам қайтыс болған еді.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші