Тікелей эфирде әріптестеріне көзін қысқан өзбек депутатының басы дауда қалды (ВИДЕО) - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

13.08.2017, 13:55

Тікелей эфирде әріптестеріне көзін қысқан өзбек депутатының басы дауда қалды (ВИДЕО)

Тікелей эфирде әріптестеріне көзін қысқан өзбек депутатының басы дауда қалды (ВИДЕО) UzReport.uz

Өзбекстанның мемлекеттік телеарналарының бірінде тікелей эфирде көрсетілген ток-шоуға қатымқан депутаттың басы дауда қалды. Халық қалаулысы студия қонағының сұрағына жауап берерде өзге депутаттарға қарап көзін бір қысқан. Бұл жайт әлеуметтік желі пайдаланушыларының наразылығын тудырды деп жазады Азаттық.

Ток-шоуға "Адолат" және "Миллий тикланиш" партияларынан сайланған депутаттар қатысқан. Олар бағдарламаға келген өзге қонақтармен бірге Бұхарадағы Чашмаи-Аюб кесенесінің ұрланып, шетел асқан бөлшектері туралы сөз таластырды. Өзге сарапшылар депутаттардан неге бұл мәселені бақылауға алмайтынын, Парламенттің ондағы ролі туралы ашына сұраған болатын. Сонда мәжіліс депутаты Дилфуза Жалилова "бар, бар, ролі бар..." деп мысқылмен жауап бере тұра, өзге депутаттарға қарап көзін қысқан.

Халық қалаулысының оғаш қылығы түсіп қалған осынау бір сәт әлеуметтік желілер арқылы тез тарап, жергілікті жұрттың ашуын туғызуда. Тұрғындар Дилфуза Жалилованы өтірікші деп айыптап, осынау әрекеті үшін жауап беруін талап етіп отыр.

Медиа

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші