Ташкенттен 7,5 тонна палау басылды, бірақ қарапайым тұрғындар одан дәм тата алмады

12.09.2017, 10:40

Ташкенттен 7,5 тонна палау басылды, бірақ қарапайым тұрғындар одан дәм тата алмады

Ташкент орталығында өткен жексенбіде 7,5 тонна той палауы пісірілді. Бұл көрсеткіш Гиннесстің рекордтар кітабына енді. Палаудың дәмін татуға жан-жақтан тұрғындар келген. Бірақ олардың көбі дәм тата алмады деп жазады Азаттық тілшілері.

Алып қазан орнатылған алаңға тек қана шақыру билетімен жіберілген. Қонақтар арасында тек ғана дипломаттар, жергілікті шенеуніктер мен мемлекеттік телеарна өкілдері болған. Ал қалғандарын палау пісірген алаңға жібермеген.

Палауды әзірлеуге 50 аспаз қатысқан. Асты дайындауға бір жарым тонна сиыр еті, бір тонна қой еті, екі тонна күріш, 2700 келі сәбіз, 220 келі пияз, 440 литр өсімдік майы мен 57 келі тұз жұмсалған. Дәмдеуіштердің өзі 300 келі болған.

Палау - Шығыста кең таралған ас. Онсыз үйлену тойы, еске алу, баланың дүниеге келуін атап өту секілді маңызды шаралар өтпейді.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші