Қырғыз депутаттары орыс тілін мемлекеттік тіл етуді ұсынды - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

13.09.2017, 15:09

Қырғыз депутаттары орыс тілін мемлекеттік тіл етуді ұсынды

Қырғыз депутаттары орыс тілін мемлекеттік тіл етуді ұсынды Азаттық

Парламент депутаты Ирина Карамушкина Қырғызстанда орыс тілін екінші мемлекеттік тіл етуді ұсынды. Ол бұл жөнінде 2 қыркүйекте Жогорку Кеңеш отырысында мәлімдеді.

"Конституцияға сәйкес біз зайырлы демократиялық мемлекетпіз. Бірақ мен бір елде бес мемлекеттік тіл барын білемін, оларда ешқандай наразылық жоқ. Біз де елде қырғыз және орыс тілін мемлекеттік тіл етіп жарияласақ", - деп мәлімдеме жасады депутат вице-премьер Шолпан Сұлтанбекованың атына.

Ирина Карамушкина Шыңғыс Айтматовтың "Қырғызстан бұл екі қанатын бірдей қағып биікте ұшатын құс. Бұл қанаттары орыс және қырғыз тілі" деген сөздерін мысалға келтірді.

Вице-премьер Шолпан Сұлтанбекова "бұл үлкен саяси мәселе" деп жауап берді. "Аудан және облыс өңірлерінде қырғыз тілімен проблема жоқ. Онда керісінше, орыс тілі өткір болып тұр. Біз қырғыз мемлекетіміз. Сол себептен қырғыз тілі біз үшін маңызды. Егер шенеуніктер қырғызша сөйлей бастаса, әрине көп мәселе шешілуші еді", - деп атап өтті вице-премьер.

2001 жылы Қырғыз Конституциясына орыс тілі ресми тіл болып өзгертілген.

Дереккөз: centralasian.org

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші