Алматыда жүйіткіген Mercedes-Benz жолға жүгіріп шыққан адамды қағып өлтірді

19.09.2017, 09:25

Алматыда жүйіткіген Mercedes-Benz жолға жүгіріп шыққан адамды қағып өлтірді

Рысқұлов көшесі бойында Емцов және Тілендиев көшелері арасында шығыс бағытта келе жатқан көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Sputnik Қазақстанға оқиға куәгерлері айтып бергендей, Mercedes Рысқұлов көшесі бойымен шығыс бағытта келе жатады, сол кезде Емцов және Тілендиев көшелері арасында ер адам жолды жүгіріп кесіп өтпек болған. Жасы шамамен 50-де.

Mercedes бар жылдамдықпен келіп, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік бордюрға бір-ақ соғылған.

Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқан ер адам оқиға орнында тұраққа қойылған  Volvo көлігінің жүргізушісі. Ол жанармай бекетіне бару үшін, жолды кесіп өтпек болған. Ер адам алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше қаза тапты.

Mercedes жүргізушісі ауыр хәлде ауруханаға жатқызылды.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші