Түркменстан президенті өзі шығарған әнді 7,5 мың адаммен бірге орындап, рекорд жаңартпақшы - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

21.09.2017, 09:53

Түркменстан президенті өзі шығарған әнді 7,5 мың адаммен бірге орындап, рекорд жаңартпақшы

Түркменстан президенті өзі шығарған әнді 7,5 мың адаммен бірге орындап, рекорд жаңартпақшы Азаттық

Ашхабадта V-Азия ойындарының ұйымдастырушылары жарыстың жабылу салтанатына дайындалып жатыр. Онда мемлекет басшысының қатысуымен ерекше көрсеткіш тіркеледі деп жазады Азаттық тілшілері.

Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов өзінің жаңа әнін орындайды, оны 7,5 мың адам қосылып айтады. Ән "Ядымда" деп аталады.

«Шетел мамандарына бұл идея ұнай қойған жоқ, бірақ олар оны қабылдауға мәжбүр, өйткені жергілікті ұйымдастырушы сценарийге түзету енгізе алады.

Азаттық дереккөзінің сөзіне қарағанда, түркімен ұйымдастырушылары ойынды дәл осылай жапқан дұрыс болады деп есептейді. Әзірге президент әнін қатысушылардың барлығы жаттап үлгермеген. Бірақ олар президенттің екі жыл бұрынғы рекордын қайта жаңғыртуға қатысады.

2015 жылы қарашада Мары қаласында концерт залының ашылу салтанатында президент Бердымұхамедовтың «Алға, алға, тек қана алға, Түркіменстаным!» әнін төрт мың адам орындаған.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші