Премьерден сөз естіген Бозымбаев қарашаға дейін жанармайдың тағы қымбаттауы мүмкін екенін айтты - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

10.10.2017, 18:01

Премьерден сөз естіген Бозымбаев қарашаға дейін жанармайдың тағы қымбаттауы мүмкін екенін айтты

Бүгін жанармай нарығындағы жағдайды реттей алмағаны үшін ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтан сөз естіп, қатаң сөгіс алғалы отырған ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев қараша айында жанармай бағасында өзгерістер болуы мүмкін екенін айтты.

"Бензин бағасының өсуіне әсер еткен себептер бар. Біріншіден, қыркүйек айында ресейлік бензиннің үлесі біздің нарығымызда 30 пайызға ғана болған. Ал қазан айында Ресей бензинінің үлесі біздің ішкі нарығымызда 40 пайызға жетті. Ал Ресейде бензин бағасы жоғары", — деді Бозымбаев үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне. 

"Елімізде АИ-92 бензині осы айда 160 мың тонна шығарылады. Ал бензин тұтыну мөлшері қандай болады деген сұраққа жауап берейін. Ол 180-275 мың тонна болуы мүмкін. Сондықтан біз осы айда 100 мыңнан астам АИ-92 бензинді Ресей Федерациясынан импорттайтын боламыз. Сондықтан баға әлі де өсуі мүмкін. 155, 157, 165, болуы мүмкін. Бірақ ол бір айға ғана созылуы ықимал", — деді министр. 

Өйткені, айтуынша, осы айдың соңына дейін Павлодар мұнай өңдеу зауыты көп жылға созылған модернизацияны аяқтайды. 

"Тиісті қондырғылар іске қосылатын болады. Қараша айында ішкі нарықтағы ресейлік бензиннің үлесі 40 пайыздан 20 пайызға түседі. Сол кезде бағаны тұрақтандыратын әдістеріміз болады. Ал желтоқсанда ресейлік бензиннің үлесі 15 пайыз ғана қалады. Өзіміздің зауыттарда шығарылатын бензиннің бағасына әсер ететін жағдай жасауға мүмкіндік бар. Сондықтан қараша, желтоқсан айынан баға тұрақты болуы керек", — дейді Бозымбаев. 

Ал қаңтар айынан бастап еліміздегі үш зауыт ішкі нарықты жанармаймен толық қамтамасыз ететін болады. 

"Қаңтар айынан бастап бәрі дұрыс болса, Атырау және Павлодар зауыттары жаңғыртуды бірітеді. Сол кезде бензиннің 100 пайызын еліміздегі үш зауыт қамтамасыз ететін болады. Басқа мемлекеттен тәуелділіктен арыламыз", — деді министр.

Дереккөз: sputniknews.kz

Пікір  

+ +1 Мэлс 10.10.2017 19:15
Неге жанар жагар майды коп шыгарып сыртка экспортамаймыз
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші