Түркіменстан президенті өз өзіне "батыр" деген атақ берді - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

11.10.2017, 09:34

Түркіменстан президенті өз өзіне "батыр" деген атақ берді

Енді Гурбангулы Бердімұхамедовке құны 100 мың доллар тұратын қоладан мүсін құйылуы тиіс. Түркімен парламенті бір ауыздан елдегі ең жоғары марапатты басшыларына тағайындауды ұйғарған деп жазады ktk.kz.

Негізі "Түркменстан батыры" атағын елге еңбегі сіңген адамдарға президент қана бере алады. Ал президенттің өзіне заң шығарушы органның рұқсаты керек. Бұл жолы депутаттардың сыйлығы Арқадаққа қатты ұнаса керек, спортшылар алдында арқаланып тұрып сөйлеп, алғысын айтты. Түркменстан батыры" атағын Бердімұхамедов 2011-ші жылы да алған. Атақпен бірге қосымша куәлік пен 25 мың доллар көлеміндегі сыйақы берілген еді ол кезде. Енді "екі дүркін батырға" қаланың орталығына қоладан мүсіні қою заңмен міндеттелген. Айта кетсек, Бердімұхамедов батыр атағының саны жағынан Түркменстанның алғашқы президентінен әлдеқайда артта қалып қойған. Сапармұрат Ниязов бұл награданы кезінде 6 рет алып еді.

Пікір  

+ +1 Маңғыстау баласы 11.10.2017 16:45
Қазір рахат болды ғой. Ел қорғап, батырлық көрсетіп керегі жоқ, халқына пайдасы тимесе де өз дегендері болып тұр. Президенттер не істеймін десе де өз еркі. Жан-жағына көтжалағыштардың бəрін жинап алады, сосын дегенінің бəрін жасай береді. Шын батырлар түрмеде, қала берді өлтіреді, өлігінде таба алмай қаламыз. Біздің елбасына да 3-дүркін батырлықты аямай беру керек, түрікмендерден қала ма ?
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші