Атбасардың бас полицейі парамен ұсталды

12.10.2017, 12:14

Атбасардың бас полицейі парамен ұсталды

Шамсиддин Түбековтің Атбасар тұрғынын марапаттаған сәті, 2017 жыл. Шамсиддин Түбековтің Атбасар тұрғынын марапаттаған сәті, 2017 жыл. Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі

Ақмола облысында Атбасар аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Түбеков Ш.А.-ның қылмыстық қызметінің жолы кесілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Ақмола облысы, Атбасар ауданының әкімі Никишов А.Н.-ге қатысты қылмыстық істі тергеу барысында Атбасар аудандық ІІБ бастығы полиция подполковнигі Түбеков Ш.А.-ның қылмыстық қызметінің жолын кесті.

Тергеуде Түбеков Ш.А. үстіміздегі жылдың маусымынан бері көші-қон заңдылығын бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауапқа тартылмау үшін «Лана НҚК» ЖШС директоры Шайкенов Е.Р.-дан пара алып келгендігі анықталды» - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының хабарламасында.

400 мың теңге мөлшеріндегі кезекті параны алғаннан кейін Түбеков Ш.А. қылмысы әшкереленіп, 11 қазанда ұсталып, Көкшетау қалалық ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Өз айыбын толық мойындағандықтан, Шайкенов Е.Р.-ға қатысты процессуалдық ұстау шарасы қолданылмады.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші