Астанада «Сергектің» көмегімен велосипед ұрысы мен жалаңаш бұзақы ұсталды (ВИДЕО)

23.10.2017, 14:56

Астанада «Сергектің» көмегімен велосипед ұрысы мен жалаңаш бұзақы ұсталды (ВИДЕО)

Ұрланған велосипед, жартылай жалаңаш  бұзақы  «Сергек» бейнебақылау камераларының арқасында анықталды. Күн сайын аталған бейнекамералар 200-ден астам түрлі қылмыс пен бұзушылықты анықтауға мүмкіндік беріп отыр деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

«15 қазанда ІІД Жедел басқару орталығының қызметкері Бөгенбай даңғылы бойынша жүріс бөлігінде мас күйде жанжал шығарып, жүрген белгісіз ер азаматты байқаған. Аталған жерге шұғыл түрде полицейлер жасағы бағытталды. Олар бұзақыны ұстап, полиция бөліміне жеткізді және  ҚР ӘҚБтК 440-б. бойынша әкімшілік хаттама толтырды», - делінген Астана қаласының ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ 16 қазанда таңғы сағат 6.00 шамасында бейнебақылау камерасы арқылы Республика-Кенесары даңғылының қиылысында велосипедті ұрлау фактісі тіркелген. Полиция жасақтары 36 жастағы азаматты ұстады және әрі қарай талқылау үшін полиция бөлімшесіне жеткізді. Аталған факт ҚР ҚК 188-бабы бойынша (ұрлық) тіркелді. Тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. 

Жалпы, «15 қазаннан бастап «Сергек»  бейнекамералары жүйесі арқылы  1371 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 20 факті - ұсақ бұзақылық, 135 факті - қоғамдық орындарда алкогольді сусындар ішу, 145 факті - қоғамдық орындарда мазалау, 300-ден астам факті - жол жүрісі қағидасын бұзу және шамамен 700 фактіге жуық басқа да бұзушылықтар анықталды. Сондай-ақ, ЖБО бейнекамера арқылы 7 қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде бұзақылық, бөтеннің мүлкін ұрлау, тонаудың бетін ашылды».

Медиа

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші