Астана-Көкшетау тас жолында ірі жол апаты болып, 3 адам қаза тапты

13.11.2017, 10:34

Астана-Көкшетау тас жолында ірі жол апаты болып, 3 адам қаза тапты

Ақмола облысында жол талғамайтын көлік жолаушылар мінген шағын автобусқа соғылды. Көлік апаты салдарынан үш адам қаза тауып, сегіз адам ауруханаға түсті деп хабарлады ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Жол апаты оқиғасы 11 қарашада Астана-Көкшетау тас жолында болған. 

Бастапқы мәлімет бойынша, Павлодар облысының 52 жастағы тұрғыны Toyota Land Cruiser автокөлігін жүргізіп келе жатып, рөлге ие бола алмай, Mitsubishi Delica шағын автобусына соғылған. 

Жол апаты салдарынан шағын автобустың екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, жүргізуші ауруханада жансақтау бөлімінде көз жұмған. Тағы сегіз адам әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. 

Құқық қорғау органдары аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғаған.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші