Астанада министрліктің шенді қызметкері көлігімен адам қағып кетті

15.11.2017, 09:34

Астанада министрліктің шенді қызметкері көлігімен адам қағып кетті

Астанада Ұлттық экономика министрлігіне қарасты мекеменің лауазымды қызметкері қымбат көлігімен таптап кеткен қыз өлім аузында жатыр. Әсел Рымханованы кроссоверімен басып өлтіре жаздаған Статистика комитетіне қарасты Ақпараттық-есептеу орталығының бөлім басшысы болып шықты. Ал апатқа кінәлі жүргізуші Болат Молдағалиевтің өзі «жарақат алды» деген диагнозбен ауруханада жатыр. Оның үстіне  министрліктің білдей қызметкері бұрын эпилепсиямен ауырғанын айтып ақталуда деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Апат Есілдің сол жағалауындағы сауда орталығының алдында болған. 38 жастағы Болат Молдағалиев қымбат көлігімен автотұрақтағы екі темір тұлпарды соғып, жаяу жүргіншілер жолында кетіп бара жатқан үш қызды қағады. Шенеунік мұнан кейін оқиға орнынан бірнеше метрге ары жүріп барып тоқтайды. Кроссовердің сауда орталығынан алыстап кеткенібейнебақылау камерасына жазылып қалған.

Молдағалиев қаққан үш адамның біріне еш зақым келмеген, екіншісі жеңіл жарақат алған да, ал үшіншісі ес-түссіз ауруханаға жеткізіліпті. Әсел Рымханованың сау сүйегі қалмаған. Көлік 24 жастағы бойжеткеннің үстінен таптап өткен көрінеді.

Ақ халаттылардың айтуынша, Әсел Рымханованың толық айығуы мүмкін. Бірақ оған жарты жылдай уақыт керек. Зардап шегушіні әлі ауыр екі операция күтіп тұр. Ал, Статистика комитетіне қарасты орталықтың бөлім басшысы тергеу изоляторында отыруы тиіс еді. Алайда ол да  «жарақат алды» деген диагнозбен ауруханада жатыр. Молдағалиев апат болған күні ішімдік ішпеген дейді Ішкі істер департаментіндегілер. Қанын тексеріпті. Бірақ, анасының айтуынша, Молдағалиев бұрын эпилепсиямен яғни талмасы ұстап  ауырған екен. Дәрігерлер оны 17 жыл бұрын диспансерлік тіркеуден алып тастаған. 

Софья Қылышбекова, Астана қаласы ІІД баспасөз хатшысы:

-Қылмыстық Кодекстің 345-бабы, яғни жол ережесін өрескел бұзып, екі адамның денсаулыңғына зақым келтірген бабы бойынша қазір тексеру жүріп жатыр. Анасының айтуы бойныша, ол бала кезіннен диспансердің учетында тұрған. Яғни, эпилепсия ауруына шалдығып.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші