Қырғызстанда кішкентай баланы зорлаған молда сотталды

22.11.2017, 11:16

Қырғызстанда кішкентай баланы зорлаған молда сотталды

Қырғызстанның Жалалабад облысы Сузак ауданының соты он жастағы баланы зорлады деп айыпталған имамға үкім шығарды. Бұл туралы Азаттық тілшілері облыстық соттың баспасөз қызметі сілтеме жасай отырып хабарлады.

Сот имамды кәмелет жасқа толмаған балаға сексуалдық сипаттағы зорлық көрсетті деп танып, 20 жылға бас бостандығын айыру туралы үкім шығарды. Бұған қоса ол есірткі сақтады және экстремизмге байланысты әрекеттер жасады деп айыпталды. Бұл айыптаулардың барлығы үшін ол 21 жыл түрме жазасын алды.

Апелляциялық арыз түспеуіне байланысты түрме мерзімі қазанда басталды деп есептелінеді.

Сузак ауданының Ат-Чабар аулының тұрғыны өткен жылы 18 маусымда жергілікті ішкі істер бөліміне шағымданып, он жасар баласын көрші тұратын жергілікті имам бір жыл бойы зорлап келгенін айтқан.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші