Қызғаншақ жігіт өзге еркектермен сөйлескені үшін сүйіктісін көшеде тыржалаңаш жүргізді

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

14.12.2017, 16:10

Қызғаншақ жігіт өзге еркектермен сөйлескені үшін сүйіктісін көшеде тыржалаңаш жүргізді

Америкалық жігіт бұрынғы сүйіктісін жазалау үшін оны көше бойымен тыржалаңаш жүруге мәжбүрлеген. Мойнына пышақ тақап, қоқан-лоқы көрсеткен жігіт адамшошырлық әрекетке қызғаныштан барған. Ол тіпті, жазаның ауыр түрін “кесерде” қақаған қыстың аязына да қарамапты деп жазады Stan.kz  шетелдік Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

“Мойнымнан ұстап алып, қорқытты. Бұдан кейін көшеге киімсіз шығуға мәжбүрледі. Артынша телефонын шығарып, мені таспаға түсіре бастады. Мені жеңіл жүрісті әйел деп атап, неше түрлі балағат сөздерін жаудырды”, – дейді жәбірленуші.

Мело есімді жігіт экс-сүйіктісін бірнеше сағат бойы қорлаған-ды. Ол мұндай қадамға қызғаныштан барған. Айтуынша, ол әйелдің өзге ерлермен СМС арқылы сөйлескенін біліп қойған.

Сондай-ақ, 26 жастағы жігіт тастан жасалған Будда ескерткішімен әйелді ұрмақшы болғаны анықталды. Бұл жантүршігерлік көріністі экс-ғашықтардың 2 айлық қызы “тамашалап” отырған-ды.

“Мен сенімен отбасын құрамын деп жүргенде өзге жігіттермен сөйлестің. Мен сол кезде қалай ұялсам, сенің де солай масқараң шықсын”, – деген жігіт әйелді тырдай жалаңаш қос автокөліктің ортасына тұрғызып қойған.

“Алайда мен олармен жақындасқан жоқпын”, – деп ақталған әйелдің жан айқайын ешкім естімеді.

Полицияның қолына түскен кезде Мело: “Мен оны ұрған жоқпын, шашынан тартқан жоқпын”, – деп ақталуға тырысқан.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кінәсі дәлелденсе, жігіт бірнеше жылға абақтыға қамалуы мүмкін.

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

DivideGroup — сайт әзірлеуші

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

    Яндекс.Метрика